8.01.2021, 14:32
Оқылды: 41

Пятимар бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

"Nur Otan" партиясының атынан Жаңақала аудандық мәслихаты депутаттығына түсіп жатқан үміткерлер Руслан Оразалиев пен Жанар Батырова Пятимар ауылындағы бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді. Алдымен сөз алған «Nur Otan» партиясының аудандық штабының төрағасы Рухолла Саматов биылғы сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын істерді айтып өтті.

 Бастауыш партия мүшелерімен кездесті (3)

- Ауданда 14 бастауыш партия ұйымы бар. Оның 1500-ге жуық мүшесі бар. Оның бәрі "Nur Otan" партиясының құрамында. Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылы сайлау ерекше өткелі тұр. Өйткені тұңғыш рет праймериз өткізілді. Өзінің туған елі үшін, жері үшін білегін сыбанып, үміткерлер алдағы уақытта талмай еңбек етеді деп ойлаймыз. Ол үшін сіздердің беретін дауыстарыңыз маңызды. Сайлауда белсенді болуға шақырамын, - деді Р.Саматов.

Бастауыш партия мүшелерімен кездесті (2)

Шара барысында тұрғындар өздерінің сұрақтарын қойды. Үміткерлер оларға жауап беріп, нақты істердің атқарылатындығына уәде берді.

- Алдымызда үлкен саяси науқан, яғни сайлау күтіп тұр. Сол жөнінде сіздерге қысқаша таныстырып өтейін. 6 шақырым аудан орталығында ішкі жолдар салынады. 2022-2025 жылдары Жаңақала-Жаңақазан ауылына жол салынса, 2022-2023 жылдары Көпжасар, Пятимар ауылдарының кірме жолдарына қатқыл табанды жол төселеді. Әлеуметтік салаға да үлкен көңіл бөлінбек. Дәрігерлер мен ұстаздардың жалақылары тағы да 25-30 пайызға көтерілмек. Нақты істерге құрылған "Nur Otan" партиясына тегістей дауыс беруге шақырамын, - деді Р.Оразалиев.

Бастауыш партия мүшелерімен кездесті (1)

Кездесуден соң "Nur Otan" партиясының мүшелері тұрғындармен сөйлесіп, үнпарақтар таратып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

 

Ж.Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале