27.05.2020, 11:27
Оқылды: 99

 Рамазан айында 40 отбасына көмектесті

 Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтановтың бастамасымен 40 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді.

2E3357F2-A5A2-41C2-8526-A36F8082B4EF

  Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген еліміздегі төтенше жағдай кезінде науқас жандар мен қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға тұрмысқа ең қажетті деген азық-түліктер жеткізілді.

  Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов ізгі бастаманы әлі де жалғастырады.

Қайырымдылық көмек Жаңақала ауданына қарасты Қызылоба, Мәштексай, Көпжасар ауылдарға берілмек.

                                                    Жаңақала мешітінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале