25.05.2020, 13:44
Оқылды: 38

Рамазан айында казталовтық жасөспірімнің еміне қаражат жиналды

Қасиетті Рамазан айының сауабы мол Қадір түні қарсаңында Казталов ауданы Әжібай ауылының 14 жасар тұрғыны «Шарко Мари Тутта» тұқымқуалаушылық жүйке-бұлшық ет сырқатына шалдыққан Айнар Ержанұлының Қызылорда қаласындағы арнайы балаларға арналған клиникада ем алуы үшін қиын сәттерге қарамастан, еліміздің түкпір-түкпірінен қолұшын созған барлық жерлестерге, қандастарға алғыс білдіреміз.

F43793F7-D66C-4934-B6C3-9C2DA99844DC

Мейірімділік танытқан барша кең пейілді, мейірбан жандарға мол сауаптан жазсын.

17 сәуір күні «Казталов ауданы жастар кеңесі» жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық, ізгілік пен махаббат» қайырымдылық жобасы аясында бастау алған акция барысындағы жұмыс.

A09C9A78-3194-45BC-B680-AD67B60C1D49

19 мамыр күні Қадір түні қарсаңында жиналып жатқан қорға қаражат аудару тоқтатылды. Барлығы 475 000 мың теңге қаржы жинақталып, Айнарға және анасы Салтанат апайға 465 000 мың теңге қаражат және арнайы жеміс-жидек, тәттілер себеті табысталды.

2A68D337-F456-4D72-9FCF-C838EF84BC92

Барлығымыздың қазір бір ғана тілегіміз бар. Ол әрине - Айнардың Қызылорда қаласында ем-шара алу кезінде қиындықтарға төтеп беріп, сауығып, аяқтан тік тұрып ата-анасын, бауырларын, туыстарын, достарын, таныстарын, жалпы бізді қуантуын тілейміз.

Диана Бақсық,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале