22.10.2020, 14:33
Оқылды: 127

РАНТ мүшесі - Бөрлі ауданында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі,  Түркиядағы «Сельчук» университетінің түлегі Ғазиз Ахмет Бөрлі ауданына арнайы сапармен келді.

3D2B49A4-643E-4DBB-844A-52294361BDDC

РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет алдымен аудан әкімі М.Сатқановтың қабылдауында болды. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуалдың барысы туралы пікірлесіп, сала бойынша қолға алынған жұмыстар мен діни мәселелерді талқылады.

РАНТ мүшесінің өңірге сапары Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінде өз жалғасын тауып, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен «Көшпелі керуен» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан бітқатар шаралармен танысты.

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Қ.Жакеновтың айтуынша: «аудандық мешіт және «Берекелі жамағат» тобының ұйытқы болуымен қайырымдылық керуенін ұйымдастыруға 150 000 теңге қаражат жұмсалды. Акция аясында ауданда әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік қоржындары табысталды. Алдағы уақытта қайырымдылық керуені өз жалғасын табады», - дейді.   

5A8E0252-408B-4498-B3C8-4A2B7CD07F41

Бүгін Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің асханасында «Қазіргі уақыттағы мұсылманның бейнесі» тақырыбында  санитарлық талаптар сақтала отырып, мәртебелі мейманмен кездесу ұйымдастырылмақшы.

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале