13.01.2017, 14:00
Оқылды: 19

Рейд нәтижесі қандай?

pandus-norma    Бөкей ордасы ауданында әлеуметтік маңызды мекемелердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін тексеру бағытында рейд жүргізілді.


Тексеру нәтижесінде халық жиі бас сұғатын «Қазпошта» АҚ мекемесінде пандустардың стандартқа сәйкес келмейтіні анықталды. Мекеме басшысы Г.Мұқанова бұл мәселе жөнінде жұмыстануға уәде берді.

Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру тетігі іске қосылған.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылып жатқан істерді тексеру мақсатын көздеген бұл комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден әлеуметтік көмек беру секторы меңгерушісі Сұңғат Қойшекенов, «Зағиптар» қоғамдық бірлестігі» Бөкей ордасы корпоративтік қорының президенті Т.Баймұқановтар енген болатын.

Г.Тұрсынтегі

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале