2.05.2017, 17:47
Оқылды: 70

Ресейлік әскерилер Жәнібек музейіне келді

????????????????????????????????????

        Облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық филиалына көршілес жатқан Волгоград облысының шекара басқармасынан полковник А.Гузеев, подполковник Д.Горшков, А.Виноградов, капитан А.Умитадзе және Жәнібек аумақтық 2036 әскери бөлім командирінің орынбасары, полковник Жандос Қойшыбек ат басын бұрып, арнайы келді.


         Меймандарға музей экскурсоводы Оралбек Ысқақ өңір тарихы жөнінде сыр шертіп, музей қорындағы жәдігерлермен таныстырды.

         Экскурсия барысында келген қонақтар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді. Меймандар естелік кітапшаға лебіз-тілектері мен қолтаңбаларын қалдырып, өз ризашылықтарын білдірді.

А. ЕСІРКЕПОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале