11.08.2020, 13:44
Оқылды: 41

Ресейлік қандасымыз ауа концентраторын сыйлады

Бүкіләлемдік пандемияға қарсы күрес жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл күнде Казталов ауданы жұртшылығы да ұлтжанды азаматтардың қолдауын айқын сезініп отыр.

735A05B3-3DD2-4B01-AEA6-AFA128099DB1
Мысалы, Жымпиты ауылының перзенті Арсен Есқұлов кіндік қаны тамған жері болмаса да, қанымыз бен тегіміз бір қандастарымыз ғой деген ниетте Казталовтағы №1 аудандық ауруханаға ауа концентратын сыйға тартқаны туралы қуанышты хабар жетті. Мұның анық-қанығын білмекке аталмыш мекемеге қоңырау шалған едік.

  - Қазіргі таңда әлемді жайлаған дертпен күресу қай-қайсымызға да оңай тиіп жатқан жоқ. Қолдау көрсетіп жатқан азаматтарымыз да аз емес. Солардың бірі де бірегейі Арсен Есқұлов. Өзі көрші Ресей елінде тұрса да, волонтерлар арқылы ауа концентратын беріп жіберді. Бұл, әрине, аурухана үшін де, халқымыз үшін де қуаныш. Бір аппараттың өзі бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Сондықтан Арсенге де, өзге қолдау көрсетіп жатырған азаматтарға да аурухана ұжымы атынан және аудан халқы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз, – дейді №1 аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Ботагөз Ғұмарова бізбен әңгімесінде.

                                             Асылбек Нәсіпқали                                                                  Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале