11.12.2018, 17:36
Оқылды: 34

Республика бойынша Теректі ауданы І орынды жеңіп алды

Бүгін Астандағы ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздарын  марапаттау шарасы болды.

WhatsApp Image 2018-12-11 at 01.33.17

Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын.

Айта кетейік, қатысушылар төрт, яғни, «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша сайысқа түсті.

Аталмыш сында Теректі ауданының мәртебесі биік болып, шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіші жөнінен республика бойынша 232 ауданның ішінде Теректі ауданы бірінші орынды жеңіп алды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановты марапаттады.

WhatsApp Image 2018-12-11 at 01.45.07

Әділет ОРЫНБАСАРОВ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале