27.04.2017, 18:24
Оқылды: 20

Республикалық ардагерлер ұйымына – 30 жыл

Зеленов ауданында республикалық ардагерлер ұйымының құрылуына 30 жыл толуына орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімі Кәрім Жақыпов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұржан Дүзбатыров, мекеме-бөлім басшылары мен бір топ ардагер қатысты.

Қатысушылар алдымен А.Әлмұханов, Н.Васенко, К.Берекетова секілді ардагерлердің қолөнер туындыларын және атаулы мерейтойға орай ұйымдастырылған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің көрмесін тамашалады.

- Елбасы қарт адамдардың жағдайын үнемi назарда ұстап, мемлекет тарапынан әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн барлық жағдайды жасап отыр. Көптеген жылдар бойы аянбай еңбек етiп, ауданымыздың гүлденуiне сүбелi үлес қосқандарыңыз үшiн сiздерге алғыс айтамыз. Сiздердiң өнегелерiңiз бен өмiрлiк бай тәжiрибелерiңiз өскелең ұрпаққа үлгi болып, оларды тәрбиелеуде басшылыққа алынары сөзсiз. Сiздерге денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр тiлеймiн, - деген аудан әкімі Кәрім Жақыпов бір топ ардагерді алғыс хатпен марапаттады. Оның ішінде А. Пономарев, А.Әлмұханов, И.Юнусов, А.Мыңбаев, М.Жұбандықов, Б.Королевскийлер аудан әкімінің атынан марапатталса, М.Құспанов облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хатына ие болды.

Аудан өнерпаздары, ардагерлеріміз ән шырқап, би билеп, көпшiлiкке мерекелiк көңiл-күй сыйлап, бiр серпiлтiп тастады.

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале