9.06.2017, 18:15
Оқылды: 15

Республикалық чемпионатқа жолдама алды

Жуырда Орал қаласында пауэрлифтингтен және жатып көтеруден облыстық чемпионат өтті.

 Жарыста жәнібектік Серік Самодиянов 120 келі салмақта өнер көрсетіп, жатып көтеруден жеңімпаз атанды. Білекті спортшы енді Семей қаласында өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар 59 келіде бақ сынаған жәнібектіктер Нұрахмет Мералиев пауэрлифтинг пен жатып көтеруден екінші, Мерген Задоров жатып көтеруден үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Б.ЖҰМАҒАЗЫ,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале