24.10.2018, 18:22
Оқылды: 42

Республикалық насихат тобының мүшесі – Қаратөбеде

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы айқын мақсаттарды талқылып, оларды іске асыру жөнінде автив жиыны өтті.

qaratobe (3)

Жиында сөз сөйлеген республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Әлия Салиева аудан активінің алдында Елбасы Жолдауының мәні мен маңызына тоқталды.

– Елбасы Жолдауында берілген әрбір басымдық халқымыздың әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Бұл – осыған дейін жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы. Елбасы Жолдауының бес бағыты көңілімнен шықты. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін назардан тыс қалдырмай, баланың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, қазіргі өркениетке сай дағдыларын ерте бастан дамыту керектігіне тоқталды. Бұл бағытта жұмысты жалғастыру үшін Президент орта білім беру жүйесінің мазмұнын айта келіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс деді. Сонымен қатар, қоғамдағы көп айтылып жүрген мәселелердің бірі – Ұстаздар мәртебесіне тоқталып, аталған мәселені шешу үшін «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл заң мұғалімдерге үлкен қолдау беріп, кәсіби дамумен шығармашылық табыстарға жетелейді деп ойлаймын, - деді республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Әлия Өтемісқызы.  

Кезегінде сөз алған «БҚО Мүгедектер ерікті қоғамы» аудандық филиалының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев  Жолдауда көтерілген мақсат-міндеттерге өзіндік пікірлерін қосып, Елбасы тапсырмалары аудан халқының әлеуетінің артуына оң әсер ететінін қуанышпен жеткізді.

Жиыннан соң республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Әлия Салиева аудандық орталық аурухана және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығын аралап, жұмысымен танысты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале