28.02.2018, 17:37
Оқылды: 136

Ретро әндер кеші өтті  

 

Қаратөбе ауданында ретро әндердің кеші өтті.

Ән кешінде 70-90-шы жылдардағы әсем әндер шырқалып, көрермендер бірер сәт сол кездерге саяхат жасап қайтты. Мәнді де ойнақы әуендер әуелеген кеш тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге мүмкіндік берді. Өткен ғасырдың соңғы оң жылдықтарында жұртшылық жүрегінен орын тапқан ретро әндер бүгінгі күнде де өз тыңдарманын жоғалтқан жоқ.

Кеште вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен Мереке Сағидуллин мен Әлия Жұбашова «Әнім сен едің» әнімен сахна шымылдығын ашты.

Ретро ән кешінде Е.Хасанғалиевтің «Гүлсезім» әнін Мағзом Есендосов, Ұ.Жолдасовтың «Алтынай» әнін Сәнжан Байтеміров  нақышына келтіріп орындады.

Сонымен бірге поляк халқының «Сұлу қыз» әнін Қуаныш Дүйсекеш, С.Бәйтерековтың «Биле, жастық шақ!» әнін Райымбек, Назира Абаевтар, Аяжан Исмағұлова «Червоно руто» сынды әндерді әуелетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.

Кеш барысында лоторея ойнатылып, ұтыс иелері бағалы сыйлықтарға ие болды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале