15.11.2018, 12:51
Оқылды: 72

Рубежиндағы шағын зауыт 25 миллион 800 мың теңгеге кірпіш өндірген

Зеленов ауданы әкімдігінің ақпарат алаңындағы кезекті баспасөз мәслихатына Рубежин ауылдық округінің әкімі Айбар Жаңабаев қатысты.

IMG_5746

Ауылдық округтің соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайын баяндаған Айбар Қалиұлының сөзінше, округ күн санап көркейе түскен және де барлық салада іргелілеу бар. Әсіресе шағын және орта кәсіппен айналысатын рубежиндіктердің ісі оңға басқан. Ауыл аумағында 21 жеке кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 3 адам бизнес-бастау курсына қатысып, біліктілігін арттырған. Бұдан бөлек ауыл аумағындағы кірпіш шығаратын «134» ЖШС зауыты осы күнге дейін 25 миллион 800 мың теңгенің кірпішін өндірген.

16 этнос өкілі тұратын Рубежинде 4 қоғамдық бірлестік жемісті жұмыс жасап келеді.

Денсаулық сақтау мен спорт саласы да бір жолға қойылған ауылда футбол, волейбол сияқты спорт түрлері жақсы дамыған. Ауыл жастарынан құралған командалар өзара сайысқа түсуді де дәстүрге айналдырған. Ал ауылдағы дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер, 5 орта медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Сондай-ақ рубежиндік ақ желеңділер Красноармейск және Спартак ауылдарының тұрғындарына да дәрігерлік қызмет көрсетіп тұрады.

Ауыл аумағындағы 18 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Жергілікті шаруалар 104 тонна ет, 482,4 тонна сүт шығарған. Қыстың қамын да ойластырған олар 1621 тонна мал азығын дайындап үлгеріпті.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале