18.01.2018, 17:05
Оқылды: 25

«Рухани жаңғыру» туған жерге сүйіспеншіліктен басталады  

Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен отырыс оздырылды.

Отырыстың күн тәртібіне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша ауданда жасалынған жұмыстар мен жоба-жоспарлар және ауданның 90 жылдығын лайықты атап өту мәселелері ұсынылды.

Аудан мекеме-кәсіпорын басшыларының қатысымен өткен отырыста аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан хабарлама жасады.

Ең бірінші кезекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан көлемінде жасалынған жұмыстарға толыққанды тоқталған Жасұлан Кәрелұлы ағымдағы жылы атқарылуға тиіс ауқымды шараларды да назарға салды.

Одан соң мінбеге көтеріліп сөз сөйлеген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Самиғоллаұлы «Ақпарат толқыны», аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов «Рухани қазына», аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Есенгүл Рабаева «Білім және тәрбие», аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов «Атамекен» кіші бағдарламаларына тоқталып, хабарлама жасады.

Отырыста ауданның ауылдық округ әкімдері «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы жыл ішінде округтерде жүзеге аспақ жоба-жоспарлармен таныстырды.

Отырыстың күн тәртібіне қойылған маңызды мәселелердің бірі – Қаратөбе ауданының құрылғанына 90 жыл мерекесін лайықты табыстармен қарсылау болды.

Ауданның мерейлі мерекесін тың жобалар аясында атап өту турасында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан баяндап, құрылған комиссия құрамымен таныстырды.

Отырыста аудандық мәслихат хатшысы Қадіржан Сүйеуғалиев, аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешов, «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев т.б. өзіндік пікірлерін ортаға салды.

Ауданның 90 жылдығына аясында аудан орталығында елордасы Астананың 20 жылдығына орай саябақ салу, «Жас көшеттер отырғызу» акциясы, «Жайық Пресс» медиахолдингінің қолдауымен кітаптар шығару, облыстық ақындар айтысын ұйымдастыру, т.б. іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстану жайы айтылды.

Отырыс жұмысын қорытындылған аудан басшысы Жанат Асылханұлы мекеме-кәсіпорын басшыларын маңызды міндеттерді орындауда бірлесе жұмыстануға шақырды.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале