19.04.2017, 16:38
Оқылды: 58

Рухани жаңғыру – жарқын болашаққа бастайды

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және іске асыру бағытында аудан активінің жиыны өтті.

      Актив жиынына төрағалық еткен аудан әкімі Асхат Шахаров Елбасы мақаласының басым бағыттары рухани жаңғыруға негізделгендігін тілге тиек етті.


   - Ел болашағы үшін аса маңызды бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде қызу талқыға түсіп, зиялы қауымнан бастап, барлық қазақстандықтардың  қызығушылығын туғызуда. Елбасы мақаласының  кіріспесінде еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басып отырғанымызды, осы бағытта биылғы  Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын  жариялағанын, елімізді қайта түлетудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алынғанын оларды   жүзеге  асырудағы  мақсат- міндеттері, басымдылықтары және олардың мінсіз жүзеге  асырылатынына сенімділігін жеткізді. Біздің  алға қойған басты  мақсатымыз - әлемдегі ең дамыған  30 елдің қатарына қосылу үшін бұның өзі жеткіліксіз екенін, ойлаған мақсатымызға жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,  яғни одан бұрын  жаңғырып отыруы тиіс екенін  атап өтті,- деді Асхат Берлешұлы.

    Алқалы жиында сөз алған Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин мақалада айтылған «Туған жер» бағдарламасы турасында ой бөлісіп, ауыл-аймақты абаттандыру бағытында сөз қозғаса, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов ішкі және сыртқы мәдени туризм хақында ой бөлісті.

    Халықты ұлт ететін мәдени-генетикалық код, ұлттық мәдениет мәйегіне тоқтала сөз сөйлеген «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов шығармашылық адамының болашағы зор, келешегі кемел боларына нық сеніммен қарайтындығын жеткізді.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале