11.12.2017, 17:01
Оқылды: 24

Рысгүл Жұмағалиеваның шығармашылық ән кеші өтті

Қаратөбе ауданында белгілі әнші Рысгүл Жұмағалиеваның «Ауылым әнім» атты шығармашылық ән кеші өтті.

Бала жасынан өнерге жақын боп өскен Рысгүл 2002-2006 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжін вокал жанры бойынша оқып тәмамдайды. 2017 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиетінің түлегі атанады.

Алғашқы шығармашылық ән кешінің шымылдығын жерлесіміз Ескендір Хасанғалиевтің «Ауылым – әнім» әнімен ашты.

Кеш иесінің студенттік кездегі достары, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, облысымызға танымал Бейбіт Қажығалиев, Айбар Хайырханов, М.Мерәлиевтің «Кіші Айдай», Ғ.Құрманғалиевтің «Асыл жан», «Көзімнің қарасы»,«Құсни Қорлан», итальян әні «Санта Лучия» әндерін шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, кештің шырайын кіргізді.

Сондай-ақ Рысгүл Жұмағалиева мен Аяжан Исмағұлова дуэт құрып, Ілия Жақановтің «Толағай» әнін, жеке дауыста Аяжан татар әні «Сәләу-мәләуді» шырқады.

Сахна төрінде жеке дауыста орыс, украин әндерін шырқап, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлай білді.

Көрермендер әншіге деген құрмет-ықыласын жүрек жарды тілектері және гүл шоқтарын ұсыну арқылы білдіріп, құрмет көрсетті.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале