1.03.2017, 14:49
Оқылды: 62

Сағынышты басқан сазды әуен

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінінің ұйымдастыруымен «Сағындырған әндер-ай» атты ретро әндер кеші өтті.


Сағынышқа толы сырлы кеште қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов және Ілия Жақанов, Досым Сүлеев, Ұлықпан Жолдасовтың әсем әндері шырқалды.

Кеш барысында жұп құрап шыққан Гүлсара Ғабдықызы мен Жарқын Аронова «Сыр сұлуы», Нұрғиса Орынғалиев пен Назира Жәрдем «Бақыт құшағында», Рүстем Ақташев, Ләйлі Ақкереева «Есіңе мені алғайсың», Жасұлан Рамазанов, Наргиз Сүлейменова «Алматы түні», Ержан Аманғалиев, Анаргүл Темірғалиева «Кешіепей келем деп ең» әнін нақышына келтіре орындады.

Сағындырған сонау жылдарды әннің құдіретімен еске түсіретін кеш көзі қарақты көрермендердің көңілінен шығып, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале