5.02.2018, 17:33
Оқылды: 55

Сайқұдыққа су құбыры тартылады

 

Бұл туралы аудан әкімі Әділ Жоламанов есеп беру кездесуінде айтты.

Жалпы аудан бойынша 24 ауылда ауыз су мәселесі шешілген, яғни аудан тұрғындарының 81,4 пайызы таза ауыз сумен қамтылып отыр.

Ауыл тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулерінде жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі - Сайқұдық ауылын таза ауыз сумен қамту. Қазіргі уақытта құрылыс монтаж жұмыстарына конкурс жарияланып, мердігер анықталды. Наурыз айында жұмыстар басталады. Сонымен қатар бұл бағытта Кеңсуат, Шабдаржап, Томпақ, Базартөбе, Қадырқұл, Қызылжар, Көнеккеткен, Қамыстыкөл, Жайық, Жамбыл, Битілеу ауылдарын таза ауыз сумен қамту биылғы жылдың еншісінде. Жобалық-сметалық құжаттамалары дайын, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды, - деді аудан әкімі.

«Жайық таңы»

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале