30.12.2017, 22:45
Оқылды: 73

Сайқын ауылы ауыз су жүйесіне қосылды

Сайқын ауылындағы су құбырын қайта құру жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы ауыз су жеткізілді.


Екі жылға жоспарланған ауқымды істі (құны 396 млн.827 мың теңге) не бары тоғыз айда тәмамдаған «АльфаСервисСтрой» ЖШС-ның директоры Ильдар Жанатаевқа аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ендігі мақсат баспанаға мұқтаждардың мәселесін шешу екенін жасырмады. «Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке» дегендей, ауыл үлкендері өз ризашылығын білдіріп, ақ жаулықты әжелер шашу шашты.

Раушан БАҚЫТОВА

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале