21.11.2017, 12:12
Оқылды: 22

Сайқында әлеуметтік сала жайы талқыланды

 

г-817Бөкей Ордасы ауданында өткен жиын жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу жайына арналды.

Осы бағытта әңгіме өрбіткен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев болашақта жүзеге асатын бұл қолдау қаражаты осыған дейін берілген бірнеше жәрдемақыны жинақтайтынын мәлімдеп, оның ұтымды тұстарына тоқталды. Айта кету керек, болжам бойынша көмекті қажет ететін тұрғындарға берілетін қаржы сомасы еш төмендемейді, әрі құжат жинақтау да жеңілдемек. Яғни, енді бұрынғыдай бірнеше дана емес, бір ғана құжаттар жиынтығы тапсырылады.

Күн тәртібіне қойылған екінші мәселе – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер жөнінде баяндаған облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Жеңіс Беріков көпшіліктің назарын базалық зейнетақы тағайындаудың механизміне аударды. Құрметті мейман келер жылдан бастап зейнетке шыққандардың жинақ сомасы бұрынғыдай екіге бөліп емес, ай сайын 15274 теңгеден төленетіндігін тілге тиек етті.

Жиынды ашып, жүргізген аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тұрғындарымыздың әл-аухатын көтеруге өз септігін тигізетіндігін әңгімелеп, келелі кеңестері үшін қонақтарға ризашылығын білдірді.

 Раушан БАҚЫТОВА

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале