15.01.2018, 12:40
Оқылды: 27

Сайқында бір отбасы баспанасыз қалды

Он үшінші қаңтар сағат 21:25-те №17 өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабар түседі.

Аудандық төтенше жағдай бөлімі қызметкерінің мәлімдеуінше, Сайқын ауылының Егізбаев көшесіндегі  № 10 үйден шыққан өрт төргі бөлмеден басталғанға ұқсайды.

Осылайша, 120 шаршы метр аумақ қызыл жалынға оранып, Талғат Шапиховтың отбасы қаһарлы қыста баспанасыз қалды. Абырой болғанда, оқиға болған кезде үйде ешкім болмаған. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен шығын мөлшері анықтып жатыр.

Р.БАҚЫТОВА

Бөкей Ордасы ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале