8.08.2018, 12:41
Оқылды: 66

Сайқында кәсіпкер салып берген алаң доп додасымен ашылды


Бисендік кәсіпкер Ермек Меңдешев Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылына жас спортшыларға арнап шағын футбол алаңын тарту еткен болатын.


а-819

Ашылу салтанатына орай, алаңда аудандық мекеме командалары өзара жарыс өткізді. Оған бисендік «Пахман» шаруа қожалығы демеушілік танытты.

Теңбіл доп додасында үзік ойын көрсеткен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы 20000, екінші орынға ие болған Жәңгір хан атындағы мектеп командасы 15000, ал үшінші орынға табан тіреген тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобилдер жолдары бөлімі футболшылары 10000 теңге қаржылай қаражатпен марапатталды.

Сондай-ақ, Аян Бисембаев «Үздік қақпашы», Қуаныш Шарипов «Үздік ойыншы», Әли Победов «Үздік шабуылшы», Нұрқожа Самиғоллин «Үздік төреші» атанды.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық пен диплом, сертификаттар табыс етілді.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале