4.10.2017, 11:51
Оқылды: 49

Сайқында Мәншүк Мәметоваға ескерткіш қойылды

Сайқында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай батырға ескерткіш қойылды. Қазақтың қайсар қызының мүсіні Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаевтың қолынан шыққан.


Ескерткіштің ашылуында БҚО мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев, Бөкей ордасы ауданының әкімі Н.Рахымжанов, Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафимәлиев, РФ №15650 әскери бөлімі командирінің орынбасары, құрметті сынаушы-ұшқыш,  полковник Виктор Федосов және Оралдағы М.Мәметова атындағы музейдің директоры Светлана Бектеновалар сөз сөйледі.

Одан әрі делегация өкілдері күйшілер саябағында тал отырғызып,  бұл шара М.Мәметова атындағы мектеп мұражайында жалғасты. Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан М.Мәметова атындағы мектеп, колледж өкілдері,  Ресейдің Невель қаласынан келген және  өзге де қонақтар қазақтың батыр қызы атындағы мектеп оқушыларының қойылымдарын тамашалады. Жан тебірентер, жүрек толқытар сәтті кішкене жүрекпен бейнелеген шәкірттер ерлік, батырлық, рух құдіретін сезіндірді.

Невель қаласындағы «Гваздика» іздестіру отрядының командирі Иван Михайлов мектеп мұражайына сыйлықтар табыс етті. Одан әрі айтулы шара мәдениет үйінің көрермен залында «Батыр рухы мәңгілік» атты республикалық конференцияға ұласты.

Гүлнар ҚАДЫРОВА

Бөкей ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале