21.11.2017, 15:52
Оқылды: 26

Самара-Шымкент тас жолы бойында 19 қызмет көрсету орны бар

Бұл туралы орталық Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтты.

- Ауданның тоғыз жолдың торабында орналасу әлеуетін пайдалану мақсатында алдағы уақытта жол бойы сервистік қызмет көрсету орындарын дамытуға басымдық беріп отырмыз. Қазіргі уақытта Самара-Шымкент тас жолы бойында 19 қызмет көрсету орыны (қонақ үй, кафелер, жанар-жағар май бекеттері, автосервистер) қызмет етуде. Осы жұмыстар жалғасын тауып, аудан орталығында жол бойынан «Жібек жолы» шаруа қожалығының көпсалалы қызмет көрсету кешенін және «Өркен» сауда құрылыс орталығын іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, өз кәсібін дамытып, одан әрі кеңейту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 101 шағын кәсiпкерлiк субъектiне 454,0  млн. теңгенің несиесі берілді. Соның ішінде, екінші деңгейлі банктер арқылы (24,3 млн. теңге), қалған қаржы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы (429,7 млн. теңге).

Аудан орталығында шағын және орта бизнес саласын одан әрі дамыту мақсатында Жымпиты ауылының батыс және шығыс жақ бөлігінен шағын және орта бизнес жобалары үшін инфрақұрылымды дамыту мақсатында 16 га жерге нақты жайғастыру жоспары жасақталды, - дейді әкім.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале