26.03.2018, 12:29
Оқылды: 18

Сапалы мал өсіру қолға алынуда  

 

Жәнібек ауданы бойынша бүгінгі таңда 8 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі тіркелген. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың сөзінше, «Әлем», «Ұлан», «Дидар», «Нұржан», «Қасен», «Марал», «Жасқанат», «Ермек-2» шаруа қожалықтары қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысады. Ал «Әлем», «Номад Ел» шаруа қожалықтары асыл тұқымды көшім жылқыларын өсіруде.

Сондай-ақ биыл бір шаруа қожалығы асыл тұқымды қой шаруашылығымен шұғылдануды қолға алмақ.

–Қазір асыл тұқымды ірі қараның, қойдың және жылқының үлесі тиісінше 1989, 364 және 1012 басқа жетті. Сол сияқты үстіміздегі жылға берілген тапсырмаға сәйкес мал шаруашылығы саласы бойынша игерілетін субсидия қаржысының көлемі 364520000 теңгені құрады,-дейді аталған бөлімнің басшысы.

                                                                      Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале