20.09.2017, 12:26
Оқылды: 28

Сапарда – «Өрле, Қазақстан!»

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында облыстық "Жас қанат" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Өрле, Қазақстан!" ақпараттық-насихат тобы жастармен кездесті.


Шара барысында ақпараттық-түсіндіру тобы құрамындағы аталған бірлестітің менеджерлері Саламат Исламғали, Үміт Жәңгірова, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Бақытжан Сабралиев, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы Белен Әшімов, Ақжайық аудандық орталық ауруханасының директоры Дархан Хайрушев, аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Аслан Биғалиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы Абзал Мутигуллинов жиналғандар алдында «Діни сауаттылық», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар тәжірибесі», «Несие алу», «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» тақырыптарында сөз сөйлеп, көптеген сұраққа жауап берді. Аталған бағыттар бойынша облысымызда және ауданда жүзеге асырылып жатқан істер, өткен жылдармен салыстырмалы көрсетіштер, әр салада ізденістің арқасында жетістікке жетіп жүрген қыз-жігіттердің еңбегі хақында кеңінен айтылды.

Топ сапары облыс аудандарында жалғасуда.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале