2.07.2019, 11:34
Оқылды: 125

Саралжында әуесқой күйшілер мен дәстүрлі әнші-термешілердің фестивалі өтті

 ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында, келе жатқан "Ұлттық домбыра" күніне орай Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылында "Күмбірлі күй мен әсем ән - Ұлы халық қазаққа тән" атты әуесқой күйшілер мен дәстүрлі әнші-термешілердің аудандық фестивалі өтті.

kui (2)

Сазды әуендер мекені Саралжынды әсем әнмен тәтті күйге бөлеген салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Жоламан Сисенғалиев, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Құм Нарын қойнауында 50-ге тарта күйші күмбірлете күй шертіп, шертпе күй мен төкпе күйді шеберлікпен нақышына келтіре орындады.

Мерекелік шара аламан айтысқа ұласып, ақындар суырыпсалма шеберлігімен жыр арнап патша көңілді көрерменді тәнті етті.

Салтанатты шараның өтуіне Бөкей ордасы ауданының әкімдігі, аудандық мәдени-демалыс орталығы және Саралжын ауылдық округінің әкімі Ерлан Ермекқалиев мұрындық болды.

Шыңғыс Ромашев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале