24.01.2020, 17:44
Оқылды: 56

Саралжында балабақша, мәдениет үйі және амбулаторияға жөндеу қажет

Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылдық округінде Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжанов есептік кездесудің халық пен билік арасындағы тиімді диалог екенін айтып, кез келген мәселені тыңдауға дайын екендіктерін жеткізді.

orda sar (2)

Саралжын ауылдық округінің әкімі Ерлан Ермекқалиевтің баяндауынша, ауылдық округтегі 281 отбасында 1026 адам есепте тұрады. Оның 371-і мектеп жасындағы балалар, 111-і зейнет жасындағылар. Былтыр саралжындық 31 отбасыға немесе 158 адамға атаулы әлеуметтік көмек тиесілі болып, осы демеу қаржының арқасында 25 азамат бес ірі қара,78 қой, екі бие және осы малдарға қысқа қажетті мал азығын сатып алып, бүгінгі күні шаруасын дөңгелетіп отырған көрінеді.

orda sar (1)

Өз кезегінде жергілікті полиция инспекторы Қуандық Сұлтанияровтың да есебі тыңдалып, біраз жайлар қамтылды.

Кездесуде сөз алған мектеп директоры Зинаида Сұлтаниярова балабақшаға, Рауан Қуанышев мәдениет үйіне жөндеу жүргізіліп, интернет мәселесі шешімін тапса деген тілектерін білдірсе, Ербол Хамитов дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу қажеттігіне, мүмкіндік болса, жаңа ғимарат салу да артық етпейтіндігіне тоқталды.

Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов айтылған барлық талап-тілектердің хатталып, тиісті деңгейде қарастырылатынын айтты.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале