3.09.2018, 11:07
Оқылды: 59

Сарыөзен жағасында демалыс орны ашылды

Сарыөзен өзенінің жағасы халық арасында «Үшінші көпір» атауына ие. Тұрғындар жаз айларында суға түсіп, демалатын сүйікті орын десе де болады.

demalys alany (3)

Демалушыларға қолайлы жағдай жасауды құп көрген кәсіпкерлер Сұпығалиевтер әулеті өзен жағасында демалыс орнын салуды қолға алған болатын. Міне, сол жоба сәтті іске асып, жаңа демалыс алаңы ашылды.

Ашылуына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков көпшілікті құттықтап, кәсіпкерге ризашылығын білдірді.

Демалыс орны заман талабына сай жабдықталған. Жағажайға тынығуға келгендерге арнап сусын мен түрлі тағамдар ұсынылмақ. Аяқ суытуға сәкілер де қойылған.

Жас кәсіпкер Әсетхан Сұпығалиевті әңгімеге тартқанымызда: Жағажайды жабдықтау көптен бері ойлап жүрген істің бірі. Ұсынысымды қолдаған ел ағаларына алғысым шексіз. Алдағы уақытта жағажайға құм төсеп, айналасына арнайы жол салу да жоспарда бар ,- деді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале