16.01.2020, 11:33
Оқылды: 46

Сарып ауруының алдын алу үшін уақытында қан сараптамаларын жасату керек

Сырым ауданының Алғабас ауылдық округіне қарасты Сасықкөл, Жаңаөңір елді мекендерінде округ әкімі Өркен Әменовтің есептік кездесуі өтті.

syrym (2)

Есептік кездесуге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев пен аудандық сала басшылары қатысты.

Байқағанымыздай қос елді мекеннің өзекті мәселесі малдың сарып (бруцеллез) ауруына жаппай шалдығуы және бұралқы иттердің мал өз алдына, адамға шабатындығы тұрғындардың шымбайына батып тұр.

syrym (1)

Сасықкөл ауылы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда жеке тұрғындар мен шаруашылықтарда ірі қара 187 басқа азайса, жылқы 24 басқа азайған.

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абылай Айболұлының айтуынша, сарып ауруының алдын алу үшін уақтылы қан сараптамаларын жасату керек.

syrym (3)

"Мал басын көбейтеміз" деп несие алып, жан бағып отырған халықтың қынжылысын тыңдаған аудан әкімі аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абылай Каримуллиевке тиісті шаралар қолдануды тапсырды.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале