9.07.2020, 15:57
Оқылды: 41

Сарытоғайлық түлектер қайырымды істерге ұйытқы болуда

Ақжайық ауданына қарасты Сарытоғай ауылдық округінде «Біз біргеміз» ұранымен басталған қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда. 

FADB4835-79AF-4F14-9A0C-EC076D0881BB

Бұл шараға үлес қосқан қатары қалың ауылдастардың арасында Сарытоғай орта мектебін 2000 жыл тәмамдаған түлектердің ісі атап өтуге тұрарлық. Олар қашықтан оқу басталысымен, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі Сергей Өркенге қымбат смартфонды сыйға тартып, сабағын тоқтатпауға жағдай жасады. Сонымен бірге мұқтаж отбасының ұл-қыздарына 90 мың теңгеге киім-кешек сатып алып келді. Игі істерін осымен тоқтатпаған олар өздері оқыған мектепке құны 100 мың теңгенің спорттық құралдарын тарту етті. Сондай-ақ 1987 жылы туылған ауыл жастары да осы игі іске атсалысты. Олар толық емес отбасынан Ақмаржан Көшерғалиға 40 мың теңгенің ұялы телефонын алып беріп, қуантты. Көпбалалы он шаңыраққа тегін азық-түлік жеткізіп берді.

Елде қайырымды істер көбейіп, қайырымды жастардың саны арта берсін дейміз.

Роза Ахметова,

Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале