13.03.2018, 17:21
Оқылды: 21

Сауда үйінде бір мезет күй күмбірледі

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы  «Ақжайық» сауда үйінде бір мезет күй күмбірледі.

Аудандық білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен ұлттық музыкамызды, соның ішінде күй өнерін халыққа насихаттау мақсатында «Күмбірле, домбыра!» атты акция өтті. Сауда үйіне кіші сәске кезінде келген жұрт сөйтіп, бабадан балаға жеткен қымбат қазынамыз – қастерлі күйлерімізді тыңдап, оларды бір сәт саз әлемінің сиқыры баурады. Көпшілікке Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде халқымыздың дәстүрін, музыкасын биік дәрежеге көтеру жолында ауданымызда атқарылып жатқан істер туралы білім бөлімінің өкілдері әңгімелеп берді.

Аудандық балалар музыка мектебінің оқытушысы Халел Сапаров жетекшілік ететін балалар оркестрі Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа», Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйлерін орындады. Бұл өнерде өрге жүзитін ұл-қыздардың өсіп келе жатқанын сөзсіз дәлелдегендей болды. Аталған мектептің шәкірттері Аружан Әділханның орындауында Сыпыра жыраудың термесі, Аружан Батырғазиеваның орындауында Махамбеттің «Мен, мен, мен едім...» термесі, басқа да шығармалар жұртқа ерекше көңіл-хош сылады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале