21.11.2017, 17:36
Оқылды: 75

«Сәулет» мектеп-лицейіне – 15 жыл

Тасқала ауданында «Сәулет» мектеп-лицейінің 15 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, мәслихат хатшысы С.Рахимов және ұстаздар қауымы қатысты.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» ҚР Президентінің 1996 жылғы Үкімін жүзеге асыру мақсатында бой көтерген мектептен талай талантты шәкірттер түледі. Он бес жыл ішінде лицейден 39 оқушы «Алтын белгі», 19 шәкірт «Үздік аттестат» иегері атанды. Биыл 270 оқушы білім алуда. Тағы да 8 оқушы «Алтын белгіле», 3 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Мерекелік кештің шымылдығы «Болашақ – бір өзіңнен басталады» көрінісімен түрілді.

- Бүгінде «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарға ие болып, ауданымыздың атын шығарып жүр. Сондай-ақ осы лицейден түлеп ұшқан түлектер де қазіргі таңда әртүрлі салада жемісті еңбек етуде. Оқушылардың әлі де талай жетістіктерге жететініне мен толық сенімдімін. Баршаңызды 15 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, шәкірт тәрбиелеу жолында жасап жүрген жұмыстарыңыз жемісті болсын, - деген мәслихат хатшысы С.Рахимов аталмыш лицейдің директоры Ж.Айтжановқа өз атынан құттықтау хаты мен  естелік сыйлық табыс етті.

Мұнан соң ұстаз еңбегін ақтап, аға буын салған жолды абыроймен жалғап келе жатқан  «Сәулет» мектеп-лицейінің бұрынғы түлектері өздерінің ақжарма тілектерін арнап, сыйлықтарын берді.

Әрі қарай шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале