5.07.2017, 17:48
Оқылды: 28

Саябақтағы сазды кеш

DSC_0192«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ, аудандық  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұхит жастары» ЖҚБ, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің тұғырысың сен - Астана» атты әдеби караоке кеші өтті.


Алдымен шара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері ұсынған «Асқақта, айбынды елдің Астанасы!» атты кітап көрмесімен бастау алды.

Караоке бөлімінде «Ана туралы жыр», «Астана», «Атамекен» әндері шырқалып, қатысушыларға түрлі сыйлықтар таратылды.

Кешке келген көпшілік мерекенің шарапатын сезініп, жан-дүниесіне рухани азық алды.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале