10.05.2017, 11:49
Оқылды: 73

«Сегіз отбасы үшін Мәдениет үйі салынбайды»

Котантал    Шыңғырлау ауданына қарасты Қотантал ауылы кезінде табиғатымен, еңбекқор адамдармен ерекше бір ауыл болатынды. Тұрғындары қалаға, темір жолға жақын ауылдарға көшіп, қазіргі таңда 8 шаңырақ қалған.


   Аудан әкімі Альберт Есалиев аталмыш ауылдың тұрғындарымен жүздесіп, жағдайларымен танысты. Ауылдың көркі кетсе де қотанталдықтардың тұрмысы жақсы, мал басын көбейтуді мақсат еткен. Аудан басшылары мемлекетіміздің ауыл-аймақты қолдау мақсатындағы түрлі несиелер жөнінде түсіндірді.

     Тұрғындар жол машақатын, әсіресе көктемде қатынас қиын екенін, ауырып қалғанда медпункттің, мереке кезінде жиналатын Мәдениет үйінің жоқтығын алға тартты. Ауылдың тірлігіне қаныққан аудан әкімі әр сұрақ-өтінішке жауап бере отырып, сегіз отбасы үшін қайтадан Мәдениет үйін ашып немесе медпункт салынбайтындығын ескертіп, ауырған жағдайда жедел жәрдем көлігі қашанда әзір тұратындығын айтты.

Айсұлу Арыстанова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале