31.07.2020, 0:04
Оқылды: 83

Сегіз оттегі концентраторын сыйлады

Теректі ауданының Ақжайық ауылындағы аудандық аурухананың медициналық құрал-жабдықтары қатары сегіз дана оттегі концентраторымен толықты. Елді сарсаңға салған дерттің уақытында бұл құрылғылар ақ халатты абзал жандар мен ауыл тұрғындары үшін зор көмек болды.

04507D77-3745-4828-B6BB-B687A0D8E5E0

Ақжайық ауылының тұрғыны Бекзат Сәбитов әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханаға көмек қажет екендігін айтып, қаражат жинауды қолға алған еді. Ауылдың тұрғындары, қала берді, Ақжайық ауылынан түлеп ұшқан азаматтар мен кәсіпкерлер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып сауапты іс жасады. Үш күннің ішінде 900 мың теңге көлемінде қаражат жиналып, «Шұғыла» қоры арқылы 5 оттегі концентраторы құрылғысы алынды.

73AF8A7F-0A84-4123-8529-C715FECAC7A0

«Шұғыла» қоры мәрттік танытып, тағы қосымша үш құрылғыны сыйға берді. Міне, осылайша, сегіз құрылғы Ақжайық ауылына жетіп, ауруханаға тапсырылды. Қиын сәтте ауылға демеу болған азаматтар, соның ішінде бастама көтерген Бекзат Сәбитұлына аурухана ұжымы алғысын білдірді.

Әділет Орынбасар,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале