28.04.2017, 11:35
Оқылды: 27

Семейден жеткен сүйінші хабар

Семей қаласында ІV республикалық «Ақберен» ақындық пен шешендік байқауы өтті.  Байқауға Батыс Қазақстан облысынан 6 оқушы қатысты.

 Үш күнге созылған дүбірлі додадаға 16 команданың сапында 200-ге жуық үміткер қатысты.

Нәтижесінде «Шешендік өнер» аталымы бойынша ынталандыру сыйлығын Гүлпати Каримоллина (Сырым ауданы) , «Көркемсөз оқу» (поэзия, проза, драма) аталымы бойынша І орынды Есей Ибрайқұлов (Жаңақала ауданы) иеленді.

«Шығарма жазу» бағыты бойынша ІІІ орын Аяжан Құбиеваға (Сырым ауданы) бұйырса, «Ұлттық аспапта ойнауда» бағытында Қайрат Байғұтты (Қаратөбе ауданы), «Ақындар мүшайрасынан» Данияр Нысанғалиев (Жанақала ауданы) ІІ орынды қанжығалады. Айта кетейік, Данияр Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім грантын ұтып алды.

Ал қаратөбелік Райымбек Өтепов «Жас ақын» аталымына лайық деп танылды.

Командалық есепте облыс құрамасы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Облысымыздан барған қатысушыларға белгілі ақын, журналист Ертай Бимұханов және Сырым ауданынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сүлейменова Алмажай жетекшілік етті.

    Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале