6.03.2019, 11:09
Оқылды: 26

Сенат депутаттары Тасқалада

Тасқала ауданы активінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. ҚР Парламент Сенатының депутаттары Н.Төреғалиев пен Е.Мұқаев жиынға арнайы қатысты.

deputat (1)

         Алдымен сөз алған Нариман Төреғалиұлы күні кеше өткен съездің маңызына тоқталып, онда көтерілген негізгі мәселелерге шолу жасады.

         -Елбасы жолға қойып отырған негізгі мәселе – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Осы орайда Үкіметке жаңадан талаптар қойылып, жаңа міндеттер жүктелді. Соның ішінде биыл республика бюджетінің 45 пайызы әлеуметтік саланы қолдауға жұмсалады деп жоспарлануда. Көп балалы аналарға кешенді қолдау көрсету мәселесі көтерілгені баршаңызға аян. Бұл ретте көп балалы отбасыларға 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынатыны, әр балаға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалатыны, баспаналы болу мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 2-3 пайызбен несие алуға мүмкіндік берілетіні айтылды. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысы 30 пайызға өседі. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 млрд.теңге бөлінеді,- деді Н.Төреғалиев.

Өзге де мәселелерді тілге тиек еткен Н.Төреғалиев 2019-2021 жылдары ауылды дамытуға 90 млрд.теңге қаржы бөлінетінін жеткізді. Айта кетейік, Елбасы осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» жобасын әзірлеу үшін ұсыныс дайындауды тапсырған болатын.

Жиын соңында сөз алған аудан әкімі Алдияр Халелов аталмыш съезге байланысты туындап жатқан пікірлерді бір арнаға тоғыстыру мақсатында жұмыстану қажеттілігін айтты.

Халық қалаулылары аудандық орталықтандырылған аурухананы аралап, жұмысымен танысты.

deputat (2)

Әсемгүл Серікқали,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале