16.10.2018, 18:19
Оқылды: 46

Сенаторлар Қазталовта

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ерболат Мұқаев және Нариман Төреғалиев Қазталов ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар құрылыс жобасының жүзеге асырылу барысымен  танысты.

senator (2)

Олар алдымен Ақпәтер ауылдық округі аумағындағы Орал-Көшім жүйесінен бассейнаралық суды тасымалдау үшін Киров-Шежін каналын қайта құру жұмыстарының барысын көрді. Ресей Федерациясынан келетін суға тәуелділікті азайтуды мақсат еткен бұл жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. Мердігер мекеме – «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директоры Нұрболат Жұмағалиевтың айтуынша, құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңінің жалпы ұзындығы 68 шақырым болса, бүгінгі таңда жұмыс толықтай аяқталуға қалды деуге болады. Қазіргі кезде судың газ құбырының астымен өтетін тұсын жасау жұмыстары ғана қалған. Каналды қазу жұмыстарына барлығы алпыс шақты адамнан тұратын алты бригада жұмылдырылған. Нысан қараша айының аяғына дейін пайдалануға берілмек.

Мұнан кейін сенаторлар Жалпақтал ауылындағы 12 пәтерлік екі қабатты тұрғын үй құрылысында болды. Жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылған, 112 млн. теңгені құрайды. Үйдің көлемі 730 шаршы метрді құраса, ондағы пәтер саны – 12. Құрылыс мердігері –  «Эврика» ЖШС-ның мамандарының айуынша, құрылыс мерзімінен бұрын толықтай аяқталмақ. Аудан әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша осындай екі қабатты 12 пәтерлі екі тұрғын үй салу және спорт, балалар ойын алаңын салу жоспарда бар екенін айтты. Депутаттар К.Меңдәлиев атындағы мектептің музейін, ІТ сыныбын көрді. Мұнан кейін сенаторлар іссапар барысында Ғ.Молдашев атындағы мектепте, Жалпақтал ауруханасында, «Ертегі» бөбекжайында болып, қызметкерлерімен жүздесті. Халық қалаулылары Елбасының Жолдауын түсіндіріп, ұжым мүшелері Елбасының жүргізіп жатырған саясатын, жыл сайын жолдауын тыңдап, әрдайым қолдайтындықтарын жеткізді.

-Биылғы Жолдау ерекше. Елбасының Жолдауы қыруар еңбекпен, маңдай термен келген жетістіктеріміздің жалғасын көрсетеді. Ел аралап шыққан біз Елбасы Жолдауын түсіндіріп қана қоймай, әр аймақтағы түрлі мәселелерді тыңдап, заң талаптарының орындалуын қараймыз. Аймақтарда жүрген депутаттар тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға куә болудамыз,-деді сенатор Бірғаным Әйтімова.

 Сенаторлар Ерболат Мұқаев, Нариман Төреғалиев Жолдаудың жылдағыдан ерте жолдануы, ондағы міндеттерді орындауға негіз болатын бюджетті қалыптастыру үрдісіне байланысты екендігін және оның қайтарымы бақылауда болатындығын атап өтті. Сондай-ақ «Педагогтар мәртебесі туралы заңның» маңыздылығын, Жастар жылын жариялаудың мәнін, агроөнеркәсіптегі коопертивтік қозғалыс пен қайта өңдеу саласын, жалпы бәсекелестік мазмұнын, өмір сапасын артыруға бағытталған бағдарламалардың қажеттілігін айтты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

senator (3) senator (4)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале