27.07.2018, 9:13
Оқылды: 52

Сенаторлар Тайпақ жұртшылығымен жүздесті

senatorlarҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ерболат Мұқаев Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында болды.


Басқа да ауылдан тұрғындар, еңбек ұжымдарының өкілдері қатысқан жүздесуде олар Елбасының Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі жайында кеңінен пікірлесті.

Сенаторлар үлкен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға беріп, алдағы жоспарлардың орындалуына сәттілік тіледі. Кездесу барысында Тайпақ ауылдық округінің әкімі Болат Шәленов, мысалы, Тайпақ ауылдық ауруханасына қамқорлық күшейтілуін, Базаршолан ауылының тұрғыны Ғиззат Қарғабаев Индер – Барбастау жолын жөндеу мәселесін қозғады. Тайпақтық С.Досқалиев санэпедимиологиялық бақылауға мораторий алынса деген өтінішін айтты. Аурухана меңгерушісі Ж.Жанғалиева «жедел жәрдем» көлігіне мұқтаждықтарын айтты.

Тұрғындар ауыл-елде атқарылып жатқан жақсылықтармен бөлісіп, тілектерін жеткізді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале