21.04.2017, 12:21
Оқылды: 31

Сенбіліктен қалмаңыз!

Zelenov senbilik   Көктемнің жайма шуақ уақыты ауыл көшелерінде тазалық пен абаттандыру жұмыстары басталатын кез.

  Зеленов аудан халқы әдеттегідей ауыл ішінде қыс бойы жиналып қалған қоқысты жинауға кірісті. Осынау игі дәстүрді жалғастырып қолдарына тырнауыш, сыпырғыларын алып сенбілікке шыққан жайы бар. «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, ауданымыздың барлық ауылдары сауапты іске білек сыбана кірісіп, ұйымшылдықпен біраз қоқысты ауыл маңынан алыстатты.


  Бір ғана Переметный ауылында тазалық жұмыстарына 52 мекемеден 260 адам қатысып, нәтижесінде 80 тонна қоқыс шығарылды. Зеленыйлықтарда белсене қатысып көше, ғимарат пен дүкен маңынан 4 тонна қоқыс тазаланды. Бұл үрдістен қапы қалмаған дарияндықтар демалыс саябағы, жол жиектері, көше мен мекеме айналасын тазартып 6,5 тонна күл-қоқыстан құтылды.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале