17.08.2018, 17:30
Оқылды: 41

«Серіболда» жел генераторы және күн батареясы орнатылды

Solnechnyie-batareiАқжайық ауданының Тайпақ ауылдық округіндегі «Серібол» шаруа қожалығында электр қуаты мәселесі шешілді. Мұнда 4 млн. теңгенің жел генераторы және күн батареялы модульді-гибридті стансасы орнатылды.

 Бұл қожалық орналасқан Жұбанәлі қыстағы айталық, Тайпақтан 25 шақырым жерде. «Серіболдың» 35 жасар иесі Болат Рақымберлиевтің сиыр, жылқы, қой өсірумен айналысқанына 4 жыл таяды.

Ауданда баламалы электр көздерін пайдалануға қызығушылық танытып отырған шаруа қожалықтарының қатары біртіндеп көбеюде. Инвестициялық салынымдар тарту арқылы жыл басынан Ақсуат, Алмалы, Ақжол, Мерген ауылдық округтеріндегі 9 шаруа қожалығы модульді гибридті су тарту стансасын, 4 шаруа қожалығы күннен қуат алатын батарея орнатты. Бұл жобаның тиімділігі сол, инвестициялық салынымның 80% дейін субсидияланатыны. Былтыр күн батареясын 35 шаруа қожалығы алған еді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале