24.04.2017, 18:26
Оқылды: 22

Серпіліс берер семинар

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан облысындағы ғылыми-техникалық шығармашылық қызметін жетілдіру жолдары» тақырыбында аймақтық семинар өтті. 


Аталған семинарға облыстық  балалар техникалық шығармашылық орталығының директоры Ш.Шоңыраевпен қоса Ақжайық, Бөкейорда, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала аудандарының шығармашылық орталықтарының басшылары мен қосымша білім беру педагогтары қатысты.

Қатысушылар алдымен аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы оқушыларының «Өнер жастан шығады...» атты қолөнер көрмесін тамашалады.

Облыстық  балалар техникалық шығармашылық орталығының педагогы М.Құспановтың  жүрдек кеме,  Ақжайық аудандық балалар шығармашылық орталығының педагогы А.Көшімованың кегельринг жарысына арналған роботы, жәнібектік ұстаз М.Өтепбергеновтің «Gymnast Egg Decorator» роботы және бөкейлік Ә.Махимованың «ЕV3 Mainstroms» роботы көпшіліктің  қызығушылығын тудырды.

Қалалық мектептермен немесе Ақжайық, Бөкей орда аудандарымен салыстырғанда Жаңақала ауданында робот техникасы едәуір кенже екен. Биыл аудандық мектептен тыс жұмыс орталығынан бөлек, ауданның  жеті мектебіне робот техникасы алынған.  Ендеше аймақтық семинарда сол құны  2 млн. 400 мың теңге тұратын роботтарды басқа аудандар секілді неге жарқыратып көрсетпедік деген ой келді.

Нұрғали ҒАББАСОВ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале