12.12.2019, 19:11
Оқылды: 75

Сессия отырысы өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың 39-сессия отырысы өтті. Сессияда күн тәртібі бойынша бірнеше мәселелер қаралды.

janaqala (1)

Аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғалидің төрағалығымен өткен сессияға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, депутаттар, мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Кезекті сессияны аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали ашып, күн тәртібін хабарлады.

janaqala (2)

Алқалы жиында Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №29-2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Басирова, «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» және «Жаңақала ауданы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Бекболатов, аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №31-1 «Жаңақала аумақтық (аудандық) және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы жұмысшы тобының жетекшісі Р.Саматов баяндады. Мұнан кейін жиналысқа қатысушылар жер жөніндегі өз сауал-ұсыныстарын жолдап, толыққанды жауаптар алды.

Жиынды аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали қорытындылады.

Ақсұңқар Сәдір

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале