26.12.2019, 12:18
Оқылды: 110

Сессияда маңызды мәселелер қаралды

Қаратөбе ауданында VI шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезекті ХХХVII сессиясы өтті.

 qaratobe (4)

Жыл аяқталар сәтте өткен алқалы отырыста алдымен Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24-4 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешім жобасымен таныстыру үшін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов хабарлама жасады.

Алдағы жылдарға қаралатын бюджет туралы пікірін білдірген аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Суйеуғалиев әріптестерін шешім жобасын бекітуге шақырды.

Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқарған жұмыстары туралы аталған мекеме басшысы Азамат Бердіғалиев баяндап берді.

qaratobe (2)

Сессияда қаралған төртінші мәселе «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мен мәслихат аппаратының шығыстарын бекіту туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиев баяндап берді.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы №40-2 «2016-2020 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндап, мәслихат депутаттарының бекітуіне ұсынды.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының төрағалығына аудандық мәслихаттың №12 сайлау округінен депутат Әмірбек Жәнібеков сайланды.

 Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Жанат Асантаев аудан активін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына орай, жергілікті өкілді органдардың қалыптасып нығаюына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен Қадыржан Сүйеуғалиевті марапаттады.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале