22.06.2017, 15:43
Оқылды: 21

Шабдаржапта жаңа мектеп құрылысының қадасы қағылды

akjaik mektepАқжайық ауданының Тайпақ ауылдық округіндегі Шабдаржаптағы 80 жылдан астам тарихы бар мектеп ғимаратының тозығы жеткелі қашан. Бірлігі жарасқан бұл ауылдағы ағайын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие үшін тозығы жеткен мектеп үйін өз күштерімен ұстап келді. Тіпті осыдан бірер жыл бұрын азаматтар ел-жұртты асарға шақырып, саман тас құйып, мектеп жанынан спорт зал салды.


Кеше Қасиетті Қадір түні алдында Шабадаржап елді мекенінде жаңа мектеп құрылысының қадасы  қағылды.

Бұл қуанышқа аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

- Ұйымшылдығы, бірлігі жарасқан бұл ауылды көпке үлгі тұтамыз. Көне білім ошағын қолдан келгенше ұстап келген сіздерге айтар алғысым шексіз. Елімізде Елбасының білім саласына баса назар аударуының арқасында көптеген ауқымды істер атқарылуда. Осы елді мекенге жаңа мектеп көтеруді жеделдетуді облысымыз әкімі Алтай Көлгінов басты назарда ұстап отыр. Енді мердігерлерге зор сенім жүктейміз,-деді ол.

Жалпы аумағы 2700 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты 198 орындық типтік мектептің құрылысы басталғалы тұр.

Құрылыстың қадасын қағу рәсіміне аудан әкімі Әділ Жолманов, еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев, ардагер ұстаздар Зоя Шоқанқызы, Сәлима Сариева ие болды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале