21.04.2017, 16:02
Оқылды: 40

Шеберлік сағаты көптің көңілінен шықты

Ақжайық ауданы Алмалы, Ілбішін және Мерген ауылдарындағы орта мектептерінде шеберлік сағаты өтті. «Қосымша білім беру ұйымдарындағы талантты үйірме мүшелерін оқытудағы әдіс-тәсілдер» атауымен өткен шараны Ақжайық аудандық балалар шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.


Күнделікті өтетін үйірме сағаттарынан гөрі мұндай тәжірибе алмасулар оқушылардың қиялын ұштап, шығармашылығын шыңдайды. Аталған шаралар барысында «Көркемсурет» үйірмесінің жетекшілері Минигүл Қажкенова мен Қайсар Сисенғазиев ұл-қызға бейнелеу өнерінің кескіндеме техникасында сурет салудың тың тәсілдерін таныстырды. «Түс тамшылары» атты дәрістер оқушылардың сурет салуға деген ынта-ықыласын ұштаудағы орны зор болды.

«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Эльвира Тулақбаева қалдық материалдардан раушан гүлін жасаудың жолдарын көрсетті.

Бударин орта мектебіндегі «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Бибігүл Қамалова оқушыларға әннің ішкі сырына үңілу, дауыс қою, сахна мәдениеті жайында кеңінен айтты.

Мұндай шеберлік сағаттары өзге мектептерде ұйымдастырылмақ.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале