13.08.2020, 18:38
Оқылды: 35

Шалғай өңірде де індеттің беті қайтты

Жәнібек ауданы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 167 адамның 77-сі аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне түссе,  оның 70-сі емделіп шыққан.

13184131

- Індет кең жайылған анабір кезде қажетті аппараттардың жоқтығы жұмысымызға үлкен кедергі келтірді. Қазір ол мәселе  толықтай шешілді. Жанашыр жандар, демеушілер, волонтерлер провизорлық орталықты керекті құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен біркелкі қамтамасыз етті. Сондай-ақ, дәрігерлерге көмек ретінде қымыз да жеткізілді. Қазіргі күні аудандағы провизорлық стационарда 4 адам, инфекциялық бөлімде 6 адам ем қабылдауда. Үйден емделіп жатқандар да бар. Арнайы құрылған мобильді бригада, яғни, екі дәрігер мен екі медбике науқастардың жағдайын тұрақты тексеріп тұрады. Тегін дәрі-дәрмек те  жеткізіліп жатыр. Жалпы аты жаман кеселдің қазір беті қайтқандай. Біз үшін қуанышты жағдай, коронавирус жұқтырған бір жүкті әйел аман-есен босанып, емделіп, сәбиімен ауруханадан шықты. Инфекция жұқтырған  екі  бала да  стационарда жатып, толық ем  қабылдады. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, сонау бір қиын кезде демеу болған барша жерлестерімізге алғысымызды жеткізе кетуді өзіме парыз санаймын, - дейді аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Сәрсенғалиев.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

                                                     Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале