21.01.2020, 11:20
Оқылды: 117

Шалғайдағы Таловта community орталығы ашылды

Облыс әкімі әр ауылдық округте тұрғындардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында community орталықтары ашылу тиіс деген тапсырма жүктеген болатын.

janibek kom (5)

Осыған орай Жәнібек ауданының Талов ауылында Еріктілер жылы аясында community орталығы іске қосылды.

Аталған ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрдәулет Қыдырғалиевтің айтуынша, орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі кабинеттері жұмыс істеуде.

 -Жасы үлкені кішісі болсын осы орталыққа келіп, бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізе алады, - деді Н.Қыдырғалиев.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале