6.03.2018, 11:04
Оқылды: 44

Шаңғышылар бабында

IMG-20180305-WA0021Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында шаңғымен спорттық бағдарлаудан ел чемпионаты өтті.

Аталған жарыста өңір намысын қорғаған аудан шаңғышылары тамаша нәтиже көрсетті. Алдымен, қысқа қашықтықта сынға түскен спортшылар жарыс жолына шықты. Бұл сында Карина Малаева екінші орын иеленсе, Наргиза  Иргусаева  ел чемпионы атанды.  Сондай-ақ орта қышықтықта да жерлестеріміз намысты қолдан бермеді. Бұл сында Карина Малаева мен Ақжайық Елубаева үшінші нәтиже көрсетсе, Наргиза Иргусаева тағы бір мәрте ел чемпионы атанды.

Бұдан бөлек ұзақ қашықтықта да өздерінің бабында екенін көрсеткен спортшыларымыз жеңіс тұғырынан орын тепті. Бұл сында Еділбек Елубаев үшінші, Наргиза Иргусаева екінші орын иеленсе, Карина Малаева жеңіс тұғырының бірінші сатысына жайғасты.

Шаңғымен бағдарлаудың классикалы сынында да жерлестеріміз қара жаяу емес екендіктерін көрсете алды. Ол жарысқа шыққан Карина Малаева мен Наргиза Иргусаева ел чемпионатының алтын жүлделерін қоржынымызға салды. Сондай-ақ ерлер арасындағы этафетаға қатысқан облыс құрамасы төртінші орыннан көрінді.

Спортшыларды баптап жарысқа қосып жүрген бапкер Серік Хайруллин шікірттерінің жетістігіне қуанышты. Дегенмен, алдағы жарыстарда бұдан да биік нәтиже көрсетуді көздеп отыр.

   Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале